1-класқа қабылдау



Құрметті ата-аналар! Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің әкімшілігі сіздерге ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 3 маусымдағы №275 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды EGOV.KZ порталы арқылы қабылдау 2022 жылғы 1-сәуірден басталатынын хабарлайды.
Қызметті онлайн алу:

1. Порталда авторизациядан өтіп “Онлайн сұратым” батырмасын басыңыз.
2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).
3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
-ата-аналардың (немесе оларды алмастыратын адамдардың өтініші;
-баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
№063/е және №026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
-Көлемі 3×4 см баланың сандық фотосуреті.

Пайдалы сілтемелер

«tilqural.kz» «Abai.institute» «Tilmedia.kz» «Balatili.kz» «Emle.kz» , «Тermincom.kz» «Sozdikqor.kz» «Qazcorpora.kz» «Qujat.kz» «Atau.kz» «Qazlatyn.kz» «Tilalemi.kz»